«Орталық Азияға экспортты ашу көзделуде. Осы орайда ресейлік әріптестермен бұл экспортты ашу бойынша мәселелер пысықталуда. Жаздың аяғына қарай тиісті жаңа келісімдерге қол жеткізу жоспарланып отыр», - деді министр баспасөз мәслихатында.
Бұл тұрғыда Қ. Бозымбаев Қазақстанға бензин экспорттау қажет қадам екенін атап өтті.
«Біз бензиннің бір бөлігін экспорттайтын боламыз. Егер де экспортты ашпасақ, онда мұнай өңдеу зауыттарының қазіргі қуатының арқасында қазан айына қарай жиналған қор 600 мыңнан асып түседі. Сәйкесінше, осы бензинді сақтайтын орын болмайды», -деді ведомство басшысы.
Фото: press-unity.com