"Электр энергиясына шекті тарифтер енгізілгеннен бергі 7 жыл ішінде көп іс атқарылды. Салаға триллион теңгеге тарта инвестиция салынды. Қазір Қазақстанда 20 мың мегаватт қуаттылық тіркелсе, оның ішінде 3 мың мегаватт электр энергиясы профицит болып саналады", - деді ол.
Оның сөзінше, бұл профицит әлі 2026-2027 жылдарға дейін сақталады.
"Өз кезегінде, аталмыш заң жобасының 13-бабында былай делінген: Энергия өндіруші ұйым ҚР Бірыңғай электроэнергетикалық жүйеде электр энергиясының проифициті кезінде электр энергиясын Қазақстаннан тыс мемлекеттерге ҚР тұтынушылары сатып алатын бағадан кем емес деңгейде сатуға құқылы", - деп түсіндірді Әскербек Қуанышбаев.