Қазақстан аруы-2013 Айдай Исаева ұлды болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 'Қазақстан аруы-2013' 25 жастағы Айдай Исаева бүгін алғаш рет ана атанды. Ол ер баланы дүниеге әкелді. Нәрестенің есімі әзірге белгісіз.

Модельдің маңызды оқиғасы жайлы «Инстаграмдағы» өз парақшасында отбасылық достары - Әсем Нұрсейітова хабарлады.

«Мақсат, Айдай!!!!! ҰЛДЫ болуларыңмен құттықтаймын!!! Бауы берiк болсын!!!», - деп жазды Әсем Айдайдың ерімен түскен суретін жариялап.

Айдайдың жұбайы Мақсат - консталтинг компаниясының бас директоры, сондай-ақ ол қайырымдылық қорының президенті. Айдай болашақ жарымен үш жыл бұрын дәмханада құрбыларымен бірге оқу семестрін сәтті аяқтағанын атап өтіп жатқан кезде танысқан.