«Қазақстан аруы 2015» Әлия Мергембаева «Әлем аруы 2016» финалына дайындық жайлы баяндады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің 120 мемлекетінен келген қатысушылар екі аптаға жуық уақыттан бері Вашингтонда жүр. Олар айтулы конкурстардың бірі саналатын «Әлем аруы 2016» байқауының финалына қызу дайындық үстінде.

 
7 желтоқсан күні барлық қатысушылар АҚШ-тың ірі қалаларының бірі - Нью-Йоркке саяхат жасады. Олар қаланың көрікті жерлерін - Бостандық мүсіні, Times Square, Бродуэй, Орталық саябақты тамашалады.

Бұдан бөлек, «Әлем аруы» байқауы аясында ең әдемі ұлттық киім, сондай-ақ үздік ТОП-модель конкурстары өтеді. Қыздар аукциондар өтетін қайырымдылық кештеріне қатысады. Түскен қаржы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен балалар үйлеріне жұмсалады. Әлия аукционда ұлттық нақышта жасалған қобдишаны ұсынады.

   

Қатысушылар әр кезең үшін баға алып, нәтижесінде жалпы ұпайы қосылады. Осы нәтиже бойынша ТОП-20 анықталады.

Әлия Мергембаеваға ұялы телефонға Miss World қосымшасын жүктеп, дауыс беруге болады. Ары қарай ұнаған үш қызды (TOП-3) таңдап, дауыс беру қажет.

«Әлем аруы 2016» 18 желтоқсанда белгілі болады. Жеңімпазға тәжді испаниялық Мирейя Лалагуна кигізеді. 

 
 

Соңғы жаңалықтар