«Қазақстан Аруы-2016» ақшалай сыйақының жартысын қайырымдылыққа жұмсамақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Аруы-2016» атағына ие болған Гүлбану Әзімхан жеңіске берілген 5 миллион теңге ақшалай сыйақының жартысын қайырымдылыққа жұмсауды ойластыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жеңемін деп үміттендім. Мен барлықтарыңыздың үмітін ақтауға тырысамын. Мен ақшалай сыйақының жартысын мүмкін жетімдер үйіне қайырымдылыққа беремін. Қалған жартысын өзімнің ата-анама табыс етемін», - деп ағынан жарылды Гүлбану Әзімхан «Қазақстан Аруы-2016» байқауын жеңіп алған сәтте.

Еске салайық, «Қазақстан Аруы-2016» байқауының 20-шы мерейтойлық шоуы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Биыл байқаудың финалдық кезеңіне 25 қатысушы жолдама алды. Олардың ең кенжесі 16 жаста.

«Қазақстан Аруы-2016» атағын Қызылорда өкілі, 18 жасар медициналық колледждің студенті Гүлбану Әзімхан иеленді. Енді ол «Әлем Аруы-2017» байқауында еліміздің намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар оған 5 миллион теңге сомасында сыйақы табыс етілді. Қарашаның 30-нан бері «Қазақстан Аруы» ресми сайтында арқылы халықтық дауыс беру өткізілген болатын.

Бірінші вице-мисс атағын «Астана Аруы» Елназ Нұрсейітова алса, екінші вице-мисс болып «Көкшетау Аруы» Жанар Найманбаева танылды. Үшінші вице-мисс атағына «Өскемен Аруы» Анастасия Усольцева ие болды.