«Теңдессіз сұлу «Қазақстан аруы - 2016» байқауының жеңімпазы - Гүлбану Әзімханова. Алғашқы ресми фотосессия», - деп жазды «Қазақстан аруы» сұлулық байқауының ресми аккаунты.
Еске сала кетсек, 10 желтоқсан күні «Қазақстан Аруы-2016» байқауының 20-шы мерейтойлық шоуы өтті.
Көрермендердің дауыс беруімен Қызылорда өкілі, 18 жасар медициналық колледждің студенті Гүлбану Әзімхан тікелей эфирде жеңімпаз атанды. Оған 5 миллион теңге сомасында сыйақы табыс етілді және ол «Әлем Аруы-2017» байқауында еліміздің намысын қорғайтын болады.