«Қазақстан аруы» байқауына дайындық қалай өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 желтоқсан күні ел халқы 2016 жылдың ең сұлу аруының есімін білетін болады.

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан аруы» байқауының ақтық кезеңі өтеді.

Байқауға қатысушылар елордаға Қазақстанның барлық өңірінен 20 қараша күні келіп қойған. Осы уақыттар бойы бойжеткендер белсенді дайындық үстінде - әртүрлі әлеуметтік және қайырымдылық акцияларына қатысуда және әрине де, спорттық дайындықтар мен ажарлары туралы ұмытпауда.

«Қазақстан аруы» байқауының ресми Instagram-аккаунты финалдың басты дайындығы қалай өткендігі туралы видеоны жариялады.