«Қазақстан аруы» финалына өткен 10 бойжеткен анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз айында Астанада өтетін «Қазақстан аруы» кастингінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Инстаграмдағы misskazakhstan_official парақшасына сілтеме жасап.

«ТОП-10» тізімін таңдап алу оңай болған жоқ. Бүкіл Қазақстанның ең сұлу қыздарынан көптеген өтініштер түсті. Қазылар алдымен ТОП-20 тізімін іріктеп, кейін үздік ондық таңдалынды», - дейді ұйымдастырушылар.

Назарларыңызға «Қазақстан аруы» финалына өткен қыздардың аты-жөндерін ұсынамыз.

1. Сәлима Бейсенғалиева, 18 жас, Шымкент

2. Эйлем Ахметова, 19 жас, Алматы

3. Сәния Арысова, 17 жас, Тараз

4. Анжелика Гит, 19 жас, Балқаш («Қазақстан аруы» байқауына алғаш қатысып тұрған қала)

5. Карина Гурьянова, 20 жас, Шымкент.

6. Лиана Руденко, 18 жас , Орал

7. Аружан Баратова, 18 жас, Алматы

8. Зайнура Давидова, 23 жас, Алматы

9. Әсел Исмағамбет, 21 жас, Қостанай

10. Алена Маркалина, 20 жас, Қарағанды

Еске сала кетейік, жобаға қатысуға ниет білдірген қыздар өз парақшаларына суреттерін жүктеп, арнайы хештэгпен белгіленген болатын. Кастингке 17-25 жас аралығындағы бойы 168 см кем емес тұрмысқа шықпаған қыздар қатысты.