Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Вальтер Швиммер, ҚХА Кеңесінің бастамасына орай берген түсініктемесінде осылай мәлім етті.
-Әрине, бірінші орында қазақстандық халық және оның мүддесі тұруы тиіс, - деп атап өтті Вальтер Швиммер.
«Қазақстан Республикасы түрлі жанжалдар болып тұратын аса күрделі аймақтағы тұрақты мемлекет болып табылады. Мен бәрінен бұрын Ауғанстандағы жағдайды айтып отырмын. Бірақ мен Қазақстанда саяси және экономикалық тұрақтылық сақталатындығына сенемін. Сондай-ақ, халық және оның мүддесін көздеуші - елдің заң шығарушы органы дұрыс шешім қабылдады деген ойдамын»,-деді Еуропа Кеңесінің бас хатшысы.