Оның айтуынша, Қазақстан мұнай өнімдерінің осы түрлеріне тыйым салуды 2015 жылға дейін үш ірі мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту аяқталғанша ұзартпақ. Оларды жаңғыртуды аяқтау жанар-жағар майларының барлық түрлері бойынша ішкі нарық қажеттіліктерін толық жабатын болады.
Айта кетейік, жыл бойы бензин, керосин, дизель отынының экспортына тыйым салынған болатын. Тек мазут қана экспортталды. Бұл шектеуге қарамастан, жаз кезінде АИ- 92 маркалы бензинімен қамтамасыз етуде кейбір проблемалар туындаған болатын.