Қазақстан Әскери-әуе күштерінің ұшу құрамы Үндістанда аман қалу курсынан өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Әскери-әуе күштерінің офицерлері майор Ержан Әбдіков пен Владимир Маркин Үндістанда қар құрсауындағы таулы жағдайлар мен джунглиде ұшу құрамының жауынгерлік аман қалу курсынан өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Аман қалу бағдарламасы үш аптаға бөлінді. Одан өту нәтижесінде әскери қызметшілер жақсы нәтижелермен толық курсты меңгерді.
Бағдарламаға практикалық дағдыны пысықтай отырып, автономды аман қалу жөніндегі мәселелердің толық тізбесі енгізілді.
5 тәулікке джунглидің автономды жағдайында әскери қызметшілердің іс жүзіндегі аман қалуы шешуші кезең болды.
Олар азық-түлік пен суды іздеді, кедергілерден өтіп, жабайы хайуандардан қорғанды, жергілікті жерде бағдарланды, суық қарумен қосалқы көмексіз 50 шақырымға дейінгі қашықтыққа көшті.
Курс аяқталысымен қазақстандық офицерлерге дипломдар мен төсбелгілер табыс етілді. Нәтижесінде, ұшу құрамы бағдарсыз жерде ұшу аппараттарын апаттық қалдырып кету жағдайында автономды аман қалуда тәжірибе жинақтады.