«Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемесі мен «Қазақстан» қосалқы зымыранды-артиллериялық кемесі «АрХО - 2017» шеңберінде Әзербайжан Республикасының аумағында өтетін «Теңіз кубогы - 2017» халықаралық байқауына қатысу үшін сол елдің теңіз айлағына келді.
Қазіргі уақытта байқау өтетін орындарда қатысушы елдердің суүсті кемелерінің экипаждары арасында тікелей дайындықтар басталып кетті. Бұл байқауға Әзербайжан, Қазақстан, Ресей және Иранның әскери қызметшілері қатысады.
«Теңіз кубогы - 2017» байқауы 1-11 тамыз аралығында өтеді.