Бұл рейтинг дүние жүзіндегі елдердің қазіргі әскери қуатына негізделген. Алғашқы бестікке АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан және Оңтүстік Корея кірді.
Қазақстан Global Firepower (GFP) 2025 рейтингінде 1,1016 ұпай жинап, 58-ші орыннан 57-ші орынға көтерілді. Бұл ретте еліміз әскери қуаты жағынан Орталық Азиядағы ең үздік мемлекет мәртебесін сақтап қалды.
Орталық Азия:
Қазақстан – 57 орын
Өзбекстан – 58-орын
Түркіменстан – 77 орын
Қырғызстан – 105-орын
Тәжікстан – 108-орын.
Рейтинг әр ел үшін әскери бөлімдердің саны мен қаржылық жағдайынан бастап логистикалық мүмкіндіктері мен географиясына дейінгі 60-тан астам факторды ескереді, делінген веб-сайттағы мәлімдемеде.
Өткен жылы Қазақстан әскери күштер рейтингінде 58-орын, 2023 жылы 63-орынға ие болған болатын.
Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушыларға қан тапсырғанын жазған болатынбыз.