Былтыр Қазақстанның Қарулы Күштері 53-орында болған.
Әлемнің қуатты армияларының 2018 жылғы тізімінде Қазақстан Сириядан (49-орын) кейін, Эфиопияның (51-орын) алдында тұр.
Бірінші орынды АҚШ иеленсе, екінші орында Ресей келеді, ал үздік үштікті Қытай түйіндейді.
Ресейден тыс, ТМД елдерінің арасында Қазақстанның алдында Украина (29-орын), Өзбекстан (39-орын) және Беларусь (41-орын) тұр.
Рейтингте жалпы 136 мемлекет бар. Global Firepower осы рейтингті 55 параметр негізінде құрастырады.