ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ҚМ Әскерінің орталық спорт клубының спортшысы Әнуар Қозыбаев жарыстың абсолютті біріншілігінің әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында қатардағы армиялық атлетші Артур Бальзам әлем чемпионы болды. Қазақстандық атлетшілерден басқа әлем біріншілігіне әлемнің он елінен келген 150 спортшы қатысты.