Қазақстан әскері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану құралдарының жаңа үлгілерімен қамтамасыз етілген

None
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Гвардейск гарнизонындағы оқу орталығы базасында ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану әскери бөлімдері командирлерінің жиыны аяқталды.

Жиын негізгі пәндер бойынша білімді жетілдіру және кәсіби дайындықтың деңгейін тексеру мақсатында өткізілді.

ҚР ҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, он күн бойы бөлім командирлері мен Құрлық әскерлері бригадаларының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану қызметі бастықтары арнайы, арнайы-тактикалық, дене тәрбиесі сабақтарына тартылды. Оларда радиациялық, химиялық және биологиялық ұрыста қорғануды жоспарлау және ұйымдастыру қамтылды.

Жиын барысында офицерлерге қазіргі заманғы қару-жарақтар мен қазақстан армиясында бар радиациялық, химиялық және биологиялық құралдардың үлгілері көрсетілді.

«Қарулы Күштер басшылығы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныстың материалдық базасының дамуы мен жетілдірілуіне баса назар аударады. Біздің құрамалар мен бөлімдер заман талабына жауап бере алатын қару-жарақ пен радиациялық, химиялық және биологиялық құралдардың жаңа үлгілерімен қамтамасыз етілген»,-деп атап өтті Құрлық әскерлері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану басқармасының бастығы полковник Тәттібек Самаев.

Офицерлер шара соңында кешенді сынақты жақсы деген бағаға тапсырды. Жиында оқылған дәрістер мен өткізілген тәжірибелік сабақтар командирлердің күнделікті жұмыстарына үлкен көмек болары анық.