Жауынгерлік шара барысында әскери қызметшілерге қойылатын басты тапсырма Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы стратегиялық нысандарды, жасанды аралдарды, мұнай-газ кешендері нысандарын қорғау және сақтау болып табылады.
Үш күндік жаттығу кезінде мемлекеттік шекараны күшейту, жаңа «Қазақстан» мен «Орал» ракеталық-артиллериялық кемелерінен жауынгерлік атыс жүргізу кезінде теңіздегі кемелерді күзету мен қорғау шараларын жүзеге асыру жоспарлануда.
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақовтың айтуы бойынша «Шағала-2013» жаттығуы Әскери-теңіз күштері штабтарының дайындық деңгейін тексеруге, басқа да әскер түрлерімен және тектерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыруға, сондай-ақ кеме экипаждарының әр түрлі навигациялық және ұрыс жағдайында қойылған тапсырманы орындауда тәжірибе жүзінде біліктіліктерін жетілдіре түсулеріне мүмкіндік бермек.