Атап айтқанда, институттың өндірістік базасында Қазақстан Әскери теңіз күштерінің су асты робот техникалары мен EСA Robotics (Франция) компаниясының су асты аппараттарына сервистік және ағымдағы техникалық қызмет көрсетіледі.
Зертхананы орналастыруға арнайы мамандандырылған ғимарат берілді, қажетті құрал-жабдықтар мен қондырғылар сатып алынды. Зертханада түрлі модульдегі аппараттар жөнделеді немесе жаңасына ауыстырылады. Аталған зертханада аппараттардың жұмысқа қабілеттілігін қайта қалпына келтіру бойынша бүкіл жұмыстарды атқаруға болады, дейді баспасөз қызметіндегілер.