Қазақстан әскерилері Ливандағы бітімгерлік миссиясына әзірленіп жатыр

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бітімгер ротасы Ливанға сапар шегуге қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық «Көк каскаларды» БҰҰ-ның үндістандық бітімгерлік контингентінің тәжірибелі офицерлері дайындап жатыр. Қазақстандықтар Ливандағы бітімгерлік миссиясына ҮндҚазБат құрамында күзде аттанады.

Оқудың теориялық бөлігінде қазақстандық бітімгерлер Біріккен Ұлттар Ұйымының жалпы ережелері және құрылымдарымен, Ливандағы бітімгерлік миссиясының ерекшеліктерімен танысып жатыр. Ал практикада блокпостардағы, бақылау-өткізу бекеттеріндегі қызметтік дағдыларын шыңдайды.
   

Соңғы жаңалықтар