Бүгін таңсәріде қар үйлерді, көліктер мен жапырақтары әлі түсіп үлгермеген ағаштарды басып тұрды. Көліктер жолдармен ақырын аяңдап, кептелістер тудыруда.
Синоптиктер жуырда қарға ұласатын жаңбырды болжаған болатын. «Қазгидромет» РМК-нің жетекші инженер-синоптигі Гүлмира Ақышева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында 4-5 қазан күндері күн суытады деп мәлімдеген болатын.
Оның сөзіне қарағанда, дүйсенбі, 8 қазаннан бастап ауа температурасы жоғарылайды: батыс және оңтүстік-батыстан есетін желмен елдің солтүстік өңірлерінде ауа бағамы 18-25 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде 20-25 градусқа дейін жоғарылайды. Яғни «мизамшуақ» қайтып оралатын болады.