Басылымның алғашқы 2 нөмірі 1911 жылдың наурыз-сәуір айларында Ордада, ал 1912 жылғы 16 нөмірі Оралда шықты. Оның 16-сы Кітап палатасының мұрағатында сақталып қалған. Газет жергілікті патшалық әкімшілік тарапынан болған қысым мен қаржылық қиындықтарға байланысты 1913 жылы өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Жалпы бұл басылым қазақтарды қажетті мамандықтарды игеру мен ғылым- білімді насихаттауды өзінің алдына басты мақсат етіп қойған болатын. Онда қоғамның көкейкесті мәселелерін көтерген "Біздің ахуал", "Қырғыздар (қазақтар) қалай өмір сүреді" деген сияқты өзекті тақырыптардағы материалдардың мазмұны жалпыдемократиялық және ағартушылық сипатта болды. Оның жұмысына қазақтың тұңғыш заңгері Бақытжан Қаратаев және аса көрнекті қоғам қайраткерлері Сейтқали Меңдешов пен Гұмар Қарашев сияқты алаш зиялылары белсенді араласып, хал-қадірінше қаржылай қолдау көрсетіп отырған
19:20, 16 Наурыз 2011
Қазақстан атауының қолданысқа енгеніне 100 жыл толды
АЛМАТЫ. 16 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін "Қазақстан" газетінің жарық көргеніне 100 жыл толды. Бұл басылым қазақтың ең алғашқы публицистерінің бірі саналатын Елеусіз Бұйриннің редакторлығымен 1911-1913 жылдары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген болатын.