Қазақстан АТР турнирін өткізуге келісімдер жүргізуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан АТР турнирін өткізуге келісімдер жүргізуде. Бұл туралы Vesti.kz Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бізде АТР 250 деңгейінде халықаралық турнир өткізуге лицензия алу қажет деген мақсат бар. Егер де ойлағанымыз іске асып жатса, оны қайда өткізетінімізді өзіміз шешеміз. Қазақстанның кез келген жерінде өткізуімізге болады. Ал Астанада барлық жағдай жасалған қарсыластарымызды таң-тамаша қалдыратын және өзіміздің теннисшілеріміз өте жақсы көретін теннис кортымыз бар. Дегенмен, өткізу орнына байланысты мәселені кейінге қалдыра тұрамыз», - деді Өтемұратов.

ҚТФ президенті атап өткендей, бұл шаруа біраз шығандалуды талап етеді. Турнирді өткізуге лицензия алудан басқа, тағы да бірқатар қаржылық шығындар бар.

«Лицензия алған соң жүлде қорына, турнирді ұйымдастыруға, ойыншылардың тұратын жеріне, кейбір шақырылған қонақтардың өтемақысына қаржылай шығындар кетеді. Біз көрермендерді тарту үшін әлемдік ТОП-20-лықтан ойыншыларды шақыруға мәжбүр боламыз. Сонымен қатар, қазақстандықтар да өз кезегінде қапы қалмай, ойындарды көруге келулері қажет», - деді ол.

Айта кетейік, АТР Әлемдік тур 250 сериясы (ATP World Tour 250 series) - бұл 2009 жылдан бері АТР өткізіп келе жатқан кәсіби теннис турнирлерінің сериясы. Оның құрамына 40 турнир енеді және осы турнирлердің жеңімпазы 250 рейтингтік ұпай жинайды.