Қазақстан әуе компаниясы 25 маусымнан бастап Таяу Шығысқа қайта ұшады

АСТАНА. KAZINFORM — Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, 25 маусымда келесі рейстер орындалады деп күтіліп отыр, барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген:

  • KC205 Астана-Дубай, 11:00
  • KC206 Дубай-Астана, 16:40
  • KC653 Алматы-Доха, 11:00
  • KC654 Доха-Алматы, 15:05
  • KC897 Алматы -Дубай, 11:15
  • KC898 Дубай-Алматы, 16:10

— Сондай-ақ ең сыйымды Boeing 767 әуе кемесінде КС8980 Дубай-Алматы рейсі сағат 17: 40-та репатриациялық рейс орындалады. Бұл рейстерге билеттер сатылымда. Кестені әуе компанияның сайтында тексеруді сұраймыз. Рейстер ұшу қауiпсiздiгiнiң жоғары стандарттарына сәйкес орындалады, — деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.

Бұған дейін 2025 жылғы 24 маусым күнгі жағдай бойынша Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты бірқатар елде ресми түрде шектеулер енгізіліп, азаматтық авиацияға арналған әуе кеңістіктері жабылған еді.