«Ұшулар қауіпсіздігінің лайықты деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ИКАО-мен жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басында ИКАО-ның валидациялық миссиясы жүргізіліп, қорытындысында ИКАО талаптарына сәйкестік деңгейі 65-тен 74 пайызға дейін өсті. Орташа еуропалық деңгей - 76 пайыз», - деді ол.
Министрдің айтуынша, отандық авиакомпанияларды Еуропалық одақтың қауіпсіздік тізімінен шығару мәселесі бойынша 2016 жылдың қыркүйегінде Еуропалық комиссиямен елімізде ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейіне техникалық бағалау жүргізілген.
«23 қарашада Брюссельде Азаматтық авиация комитеті Қазақстандағы ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйі туралы есебін ұсынатын болады. Оның қорытындысында Қазақстан авиакомпанияларына Еуропаға ұшу шектеулерін алу туралы шешім қабылданады», - деді Қасымбек.