Қазақстан әуежайларындағы коммерциялық алаңдар Жоғары аудиторлық палата аудитінен кейін конкурстық негізде ғана берілетін болады
Мұндай шараларға қажеттілік Астана қаласында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижесінде анықталды.
— Жоғары аудиторлық палата тексеру қорытындысы бойынша Көлік министрлігіне әуежайдың (әуеайлақ) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларына өзгерістер енгізуді тапсырды. Атап айтқанда, қоғамдық тамақтану объектілері мен азық-түлік сату және багажды орау автоматтары үшін жалға берілетін алаңдардың тек конкурстық негізде берілуін бекітуді тапсырылды, — делінген хабарламада.
Конкурстық іріктеу барлық жалға алушы үшін тең жағдай жасап, қызмет көрсетушілерді негізсіз таңдау тәуекелдерін азайтады және әуежайлардың мүлкін пайдалану тиімділігін арттырады. Сонымен қатар ең тиімді ұсыныстарды таңдау әуежайлардың жалға беруден түсетін меншікті кірістерін арттырады.
Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның басқа да тапсырмалары мен ұсынымдарының орындалуы бақылауда болады.
Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата квазимемлекеттік сектордың бюджетке тәуелділігі күшейе түсетінін мәлімдеді.