«Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауында әуежайларды дамытуға зор көңіл бөлінген. Осыған байланысты, 2015-2017 жылдар аралығында Астана, Қызылорда, Петропавл, Қостанай әуежайларының инфрақұрылымын дамытып, ұшып-қону алаңдарын, жолаушылар терминалын жаңғырту бойынша ірі жобалар жүзеге асырылады. Астанадағы халықаралық әуежайда жаңа жолаушылар терминалы салынады. Ал ескісі ішкі рейстерге арналатын болады. Сонымен қатар, Шымкент әуежайының да жаңа жобасы басталды», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, Петропавл мен Қостанай әуежайларында да осындай жұмыстар жүргізу жоспарланған. «Онда жолаушылар терминалы жөндеуден өткізіліп, ұшып-қону жолақтары жаңғыртылады. Аталған әуежайлардың инфрақұрылымына салынатын инвестициялардың жалпы құны 99 млрд теңге болады», - дейді компания басшысы. Айта кетейік, AMG компаниясы қазақстандық әуежайларды оңтайландыру мақсатында және ғаламдық индустрияландыруға қатысу үшін әуе активтерін басқару мақсатында қызмет етеді. Бүгінде Қазақстанның 6 әуежайының акциялар пакеті осы компанияға басқаруға берілген. Басқарушы компания қолына барлығы 11 әуежайды шоғырландыруды жоспарлап отыр.