Қазақстан Ауғанстан мәселесі бойынша донорлық конференцияны өткізу бастамасын көтеріп отыр - Н. Назарбаев

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан Ауғанстан мәселесі бойынша донорлық конференцияны өткізу бастамасын көтеріп отыр.

Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Біз биылғы жылы Алматыда Ауғанстан бойынша арнайы донорлық конференцияны өткізу бастамасын көтеріп отырмыз», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бұдан бұрын Каспийдегі тұрақтылық пактісін бекіту идеясын ұсынғанын айтып өтті. «Бұл халықаралық құжат барша Орталық Азия және Кавказ өңірінде тұрақтылықтың берік іргетасын қалайды», - деп түйіндеді Президент.