деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің үлкен көршіміз ретінде Қазақстан Ауғанстанды тұрақтандыруда маңызды рөл атқаруы тиіс. Әсіресе экономика мен білім беру саласында. Біз қазір Қазақстанның Ауғанстандағы инвестициясының ұлғаюын күтіп отырмыз», дейді Ауғанстан Ұлттық ассамблеясының төменгі палата төрағасының 1-ші орынбасары Мирвайс Ясини. Оның айтуынша, ауғандықтар сауатты, демократиялық барлық сайлауларға қатысады. Өкінішке орай, қазіргі билікке халық сенбейді. Үкімет демократиядан алшақтап кеткен.
Форумның аймақтық қауіпсіздік жөніндегі алғашқы сессиясы «Ауғанстан, лаңкестікпен күрес, есірткі трафигі, қарулану» деген тақырыппен өткен болатын. Мирвайс Ясинидің айтуынша, бұл мәселелер қазір ауған халқын ғана емес бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Сондықтан бұл жәйттерге ерекше мән беріп, мәселені шешуде жәрдем жасалмаса Ауғанстан өз күшімен тығырықтан шыға алмайды.