Қазақстан Ауғанстанға көмек қолын созуды жалғастыра береді
«Ауғанстан бойынша бүгінгі халықаралық конференцияның басты мәні - Ауғанстанға қаржылық, техникалық және әскери бағыттағы халықаралық қолдауды қуаттау және оны қамтамасыз ету. Сөз сөйлегендердің барлығы аталмыш елге көмектері жайлы мәлімдеп жатыр. 2020 жылға дейінгі кезеңде қаржылай көмектің жалпы көлемі 3 млрд. долларды құрауы мүмкін», - деді журналистерге ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.
«Осы уақытқа дейін Қазақстан Ауғанстанға 20 млн.-ға жуық доллар көлемінде гуманитарлық және техникалық көмек көрсетті», - деп атап өтті қазақстандық дипломат.
Ерлан Ыдырысов бөлінген қаржы есебінен бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылғандығын, соның ішінде мектеп, аурухана, жолдар мен 4 көпір салынып, өзен арнасы қалпына келтірілген. Осылайша, ҚР Ауғанстанның инфрақұрылымдық дамуына ықпал етті.
«Әрине, біз азық-түлік, жанар-жағар май түріндегі гуманитарлық көмекті де көрсетіп жатырмыз», - деді ол.
Министр сондай-ақ, алдағы уақытта көрсетілетін гуманитарлық көмектің көлемі бұрынғы жылдармен бірдей болатынын атап өтті.