Аталған келісім 2013 жылдың 19 ақпанында Астанада жасалған болатын. Құжат Ауғанстанды тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарды қолдау мақсатында Қазақстан аумағы арқылы Италияның әскери мүлкі мен персоналының транзитін жүзеге асыру тәртібі нақтыланады. Бұл ретте әуе кемелерінің транзиті ҚР Сыртқы істер министрлігі әуе кеңістігін пайдалану туралы берілген рұқсаттары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, Қазақстан тарапы ондай транзит барысында әуе кемелеріне аэронавигациялық алымдарды төлете отырып, тиісті аэронавигациялық қызметтерді ұсынатын болады. Ал әскери мүліктің теміржолмен транзиті арнайы рұқсаттың негізінде жүзеге асады. Қазақстан аумағында бір мезгілде болатын әскери мүліктің саны бір теміржол құрамымен қатаң шектелуі тиіс. Мұндай транзитке байланысты шығыстарды Италия тарапы өз мойнына алатын болады.