Қазақстан аумағында игеруге жарамды мұнай қорының көлемі қандай

АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрлігі елдегі мұнай қорына қатысты түсінік берді.

Фото: freepik.com

- Қолда бар деректерге сәйкес, Қазақстанның геологиялық мұнай қоры 13,2 млрд тоннаға, ал алынатын қоры шамамен 4,4 млрд тоннаға бағаланды. Бұл көрсеткіштер геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, қорларды бағалау жаңартылған сайын нақтылануы мүмкін, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Айта кетейік, жақында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов алдағы іске асатын ірі кен орнына қатысты түсінік берді.

«ҚазМұнайГаз» геологиялық барлаудың үлкен бағдарламасын қабылдады. 2026-2030 жылдары ауқымды іс-шаралар жоспарланған. Осы ретте 26 ұңғыманы бұрғылау қарастырылған.