Қазақстан аумағымен өтетін контейнерлік тасымал көлемі ұлғайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан арқылы өткен контейнерлік тасымалдың жалпы көлемі 54%-ке өсті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан арқылы өткен контейнерлік тасымалдың жалпы көлемі 114,2 мың ЖФЭ-ті құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54%-ке жоғарлады (2018 жылдың қаңтар-наурызында 74,2 мың ЖФЭ).

ҚХР-ЕО-ҚХР бағыты бойынша бұл көрсеткіш 62,7 мың ЖФЭ-ті құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54%-ке өсті.

Автомобиль көлігімен тасымалданған транзитті тасымал көлемі 392 мың тоннаны құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ке өсті (2018 жылдың қаңтар-наурызында 332 мың тонна).

Қазақстан аумағы арқылы өткен транзитті тасымалдың жалпы көлемі 4,16 млн тоннаны құрады.

Темір жол көлігімен тасымалданған транзитті тасымал көлемі 3,77 млн тоннаны құрады.