Оның атап өтуінше, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасының «Энергетика саласын дамыту» бағыты ауқымында инвестициялық тартымдылықты арттыру және геологиялық материалдарды сақтау және өңдеу бойынша қазіргі заманғы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көзделген.
«Аумақтың геологиялық зерттелуін қамту 683,9 мың шаршы шақырымға ұлғаяды. Саланың инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында қор қоймасы, 2 керн қоймасы салынып, 4 керн қоймасына жөндеу жүргізіледі. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай геологиялық материалдарды сақтау және өңдеу бойынша мемлекеттік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 100 пайызға дейін жеткізіледі», - деді Әсет Ерғалиев.