Қазақстан аумағынан ешқандай да ядролық материал ешкімнің қолына түспейді - Н. Назарбаев

ың 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан аумағынан ешқандай да ядролық материал ешкімнің қолына түспейді. Бұл туралы бүгін Ақордада Израиль Президенті Шимон Переспен  жүргізілгенген келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанға қатысты айтатын болсақ, біздің аумағымыздан ешқандай да ядролық материал ешкімнің қолына түспейтін болады. Біріншіден, Қазақстан ядролық сынақтардың барлық ауыртпалығын сезінген ел. Әлемдегі ірі полигондардың бірі - Семей ядролық полигоны менің Жарлығыммен 1991 жылы жабылды. Біз жуырда осы атаулы күннің жиырма жылдығын атап өттік», деді Елбасы баспасөз мәслихатында.

 «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау біз үшін өте маңызды әрі өткір мәселе. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін әлемдегі төртінші ракеталық арсеналдан бас тартты. Мемлекет басшысы полигонды жауып және ел өз ықтиярымен ядролық қарудан бас тартып, осылайша біз әлемге үлгі көрсеткен әзірге жалғыз мемлекетпіз», деді Мемлекет басшысы.

 Елбасы Қазақстанның бұл қадамынан,  өкінішке қарай, көптеген мемлекет үлгі алмағанын атап өтті. «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарт жұмыс істемей жатыр. Өйткені әлімдік қоғамдастық бұған ықпал жасай алмауда», деді Н. Назарбаев.

 Президент осыдан 20 жыл бұрын Семей полигоны жабылған тамыздың 29-ы күнін жаппай қырып-жоятын қарудан бас тартудың дүниежүзілік күні деп атау жөнінде Қазақстан БҰҰ-ға ұсыныс енгізгенін атап өтті.