деп хабарлады ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, 13 қазан күні Ақтөбе стансысының желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында «Ташкент-Челябі» бағытында қатынайтын №365-ші жолаушылар пойызының 4-ші вагонынан Өзбекстан Республикасының 18 жастағы азаматы ұсталды. Ол Ташкенттен Челябіге ағасының төлқұжатымен кетіп бара жатқан. Болған жайт Сыртқы істер министрлігіне хабарланып, полиция тарабынан тексеру амалдары жүрізілуде.