Министрліктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан мен Тәжікстанның ішкі істер министрліктері бірлескен арнайы жедел-тергеу тобы Қазақстан аумағынан, атап айтқанда Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Атырау қалаларынан ұрланған 14 автокөлікті Тәжікстанның аумағынан тапты. Аталған көліктердің ішінде «Тойота», «Лексус», «Дженерал моторс» маркалы 9 джип көлігі мен ресейлік өндірістің 5 «Нива-Шевроле» көлігі бар.
Қазіргі таңда тексеру-тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, халықаралық келісімшартқа сәйкес, көліктерді заңды иелеріне қайтару мәселесі де шешілуде.