Сонымен қатар, қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарына қаржылық және материалдық-техникалық көмекті аталған тізімге енбеген шетелдік мемлекеттердің елшіліктері мен ұйымдары көрсетеді.
Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың негізгі бағыттары - бұл тәуелсіз БАҚ-ты қолдау (11%), экология (9%), азаматтық білім беру (9%), мақтатты топтардың құқықтарын қорғау және мүдделерін ілгерілету (9%), тиімді басқару саласындағы бастамалар (9%), халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қорғау (9%).
Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың еліміздегі азаматтық қоғам өкілдерімен ынтымақтастығы негізінен Астанада (11%), Алматыда (11%), Алматы облысында (11%) және Ақмола облысында (8%) жүргізіледі. Батыс Қазақстанда (3%), Ақтөбе (3%) және Қостанай облыстарында ең аз ықпалдастық көрсеткіші байқалады.