Қазақстан аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады - 3 қазандағы ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жауынның соңы жабысқақ қарға айналады, жел күшейеді, республиканың солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Маңғыстау, Алматы облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Республикасның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы өзендерде су бетінің құбылуы байқалады. Шығыс Қазақстан облысының кейбір өзендерінде су деңгейі көтеріледі.