Қазақстан аумағында қатты ыстықтар сақталады

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат  - Қазақстан аумағында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-ның ескертуі күшінде қалуда.

Оған сәйкес, күндіз 13-15 шілде күндері Ақмола облысында күн 30 35 градусқа дейін ысиды деп күтілуде.

15,16,17 шілде күндері күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстарында ауа бағамы 33 39 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде, жекелеген жерлерде ол 40 45 градусқа дейін жетеді.