Қазақстан аумағында «Қазығұрт-Антитеррор-2013» бірлескен халықаралық антилаңкестік жаттығулар өтеді

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) Өңірлік антитеррористік құрылымы Кеңесінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі №289-ыншы шешіміне сәйкес,

кезектілік тәртібімен Қазақстан аумағында «Қазығұрт-Антитеррор-2013» бірлескен халықаралық антилаңкестік жаттығуларын өткізу жоспарланады. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«2013 жылдың 13 маусымы күні Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында «Қазығұрт-Антитеррор-2013» жаттығулары кезінде ШЫҰ-ға мүше-елдер құзырлы органдарының лаңкестікке қарсы арнайы құрылымдарының өзара әрекетін пысықтау жоспарланып отыр», - делінген таратылған баспасөз мәлімдемесінде.