АСТАНА. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ертең, наурыздың 26-сы күні ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде Қазақстан аумағында уақытты есептеу мәселесіне арналған брифинг өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2005 жылғы наурыздың 15-індегі Үкімет қаулысымен сағат тілін «қысқы» мерзімнен «жазғы» уақытқа ауыстыру тоқтатылған еді. Бұл шешім аталған үрдістің оң және теріс жақтарын зерттеудің нәтижелері бойынша қабылданған болатын.
Айта кетейік, қазіргі қолданыстағы уақытты есептеу тәртібінің халықтың денсаулығына әсер етуі тұрғысында қосымша анкеталық шаралар жүргізілген. Осы зерттеудің нәтижелері ертеңгі жиын барысында мәлім болмақ.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.