Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн райы ашық болады.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді. Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің күші 15-22 м/с-қа жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, кей жерлерде Маңғыстау облысында аптап ыстық күтіледі.
Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталдады.