Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола, Қызылорда, Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұрқасын болып, желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы облысында - кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсуі, көктайғақ болуы, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, жел екпінінің 15-20 м/с-ке дейін күшеюі болжанады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде бұрқасын болып, күндіз - көктайғаққа айналады.
Қостанай облысында кей жерлерде - бұрқасын, тұман, желдің күші 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-ке дейін күшеймек.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күшеюі, түнде және таңертең жаяу борасын жүруі байқалады.
Таяудағы тәуліктерде Қазақстанның су нысандарында мұз қатуы жалғасады, респбуликаның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы кейбір өзендерде сеңнің тоқтауы, су деңгейінің құбылуы мүмкін.