Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады деп күтілуде

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, тамызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста - ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Павлодар, Ақтөбе облыстарында, күндіз Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде жел 15-22 м/с-қа күшейеді деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының және шығысының таулы өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады деп күтілуде.