Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, түнде және таңертең Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы, Қарағанды, түнде және күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
16 қазанда Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде жауын-шашынды болып, жаңбырдың соңы жабысқақ қарға айналады. Ауаның температурасы түнде 2-7 градус жылылыққа дейін төмендеп, кей жерлерде 3 градусқа дейін суытады, кей жерлерде 16 градус жылы болады.