Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, шамалы көктайғақ болады.
Жамбыл, түнде және таңертең Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.