Қазақстан аумағының едәуір бөлігі антициклон ықпалында болады

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның едәуір бөлігі антициклон ықпалында болады, республиканың оңтүстігі мен шығысына атмосфералық ағын әсер етеді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.