Қазақстан аумағының кей жерлерінде тұман түсуі, көктайғақ болуы күтіледі.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, жаяу борасын соғады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с. Жамбыл олысында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-22 м/с-қа дейін жетіп, бұрқасындатады.
Таяудағы тәуліктерде Сырдария, Шу өзендерінде мұздың қатуы әлсіреп, су деңгейінің құбылуы байқпалады.