Қазақстан аумағының көп бөлігінде аздаған жауын-шашын болады
деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғатын жел тұрады деп күтілуде, деп хабарлайды баспасөз қызметі синоптиктердің болжамына сілтеме жасай отырып.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде қатты ыстық сақталады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кейбір жерлерінде 5 класты ыстықтың қауіпі сақталады.
Сонымен қатар, алдағы күндері республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде толқын болады.