Бұл туралы бүгін Алматыда «Terra Madre-Kazakhstan» фестивалі аясында "Табиғи органикалық ауылшаруашылық және салауатты тамақ өнімдері, қауіпсіздік азық -түліктің негізі ретінде" деген тақырыппен өтіп жатқан конференция барысында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылым жөніндегі проректоры Сансызбай Абылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, елімізде ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісін өсіру потенциалы болып табылатын 100 миллион гектар жер ресурстары қолданылмайды. "Ал, органикалық ауылшаруашылық өнімінің халықаралық нарығы жыл сайын орта есеппен алғанда 15-20 пайызға өсіп жатыр. Соңғы жылдардағы қымбатшылыққа байланысты отандық фермерлер пестицидтер мен гербицидтерді қолданбайды. Бұл органикалық ауылшаруашылығын дамытуға жағымды жағдайлар жасауда", деді Сансызбай Абылай.
Ол сонымен қатар, "Еліміздегі тарихи қалыптасқан дәстүрлі мал жайылымдарының арқасында үй жануарлары жабайы шөптермен қоректеніп, жыл бойы қорада тұруды қажет етпейтіндіктен, бұл да органикалық ауыл шаруашылықты дамытуға қолайлы жағдай", деп атап өтті.
Оның айтуынша, органикалық еттің, сүт өнімдерінің, жемістер мен көкөністердің, сонымен қатар, жаңғақтар мен дәнді өнімдердің әлемдік нарығы қалыптасу үстінде және өз деңгейінде дамымаған. "Сондықтан, біздің ел үшін жоғарғы орындарға шығуға үлкен мүмкіндіктер бар және аймақтық деңгейде ірі ойыншы емес, ал әлемдік деңгейдегі ірі ойыншы болуымызға әбден болады", деп атап өтті ол.